Center Image
IHSAN.KZ
«Қауіпсіз қоғам және бақытты балалық» атты спорттық шара өтті
«Қауіпсіз қоғам және бақытты балалық» атты спорттық шара өтті

Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде білім алушы шәкірттер арасында «Қауіпсіз қоғам және бақытты балалық» атты спорттық шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – балалардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету, спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ достық пен ұйымшылдық қасиеттерін нығайту болды.

Шара барысында қатысушылар түрлі спорттық эстафеталар мен қызықты жарыстарға қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын сынға салды. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізіп, белсенді демалыстың маңызы мен пайдасы туралы мағлұмат алды.

Спорттық сайыс шәкірттердің өзара татулығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мазмұнды шараға айналды. Сонымен қатар, мұндай игі бастамалар өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтып, қауіпсіз қоғам құру мен бақытты балалық шақ қалыптастыруға өз үлесін қосатыны атап өтілді.

Шара соңында қатысушыларға алғыс айтылып, ізгі тілектер білдірілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz