Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлы мешіт жастарымен кездесіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уақып қорының маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында имам Уақып қорының негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып, оның қоғамдағы әлеуметтік және рухани маңызы жайында кеңінен баяндады. Сондай-ақ қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және сауапты іске үлес қосудың исламдағы орны туралы насихат айтты.
Жастарға Уақып қоры арқылы жүзеге асырылып жатқан игі жобалар таныстырылып, қоғам игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Шара соңында жастарды қайырымдылық пен ізгілікке үндеп, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы