Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылдық мешітінің имамы Ғаббас Рүстем Мұқанұлының ұйымдастыруымен мешіт жастары арасында футболдан сайыс өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – жастардың өзара татулығы мен ауызбіршілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мешіт жамағаты арасындағы бауырмалдықты нығайту.
Сайыс барысында қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, өзара достық пен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Шара соңында үздік өнер көрсеткен жастар марапатталып, қатысушыларға ізгі тілектер айтылды.
Осындай игі шаралар жастардың уақытын тиімді өткізуіне ықпал етіп, олардың рухани және физикалық тұрғыдан дамуына оң әсерін тигізуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы