Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы мешіт жастарына «Жат ағымның тигізер зардабы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында имам дәстүрлі діннің құндылықтары, жат ағымдардың қоғам мен отбасыға тигізетін кері әсері, сондай-ақ жастардың діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алуы қажеттігі жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, деструктивті идеологиялардың белгілері мен олардан сақтану жолдары баяндалып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Шараның мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттырып, оларды жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы