Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық орталық мешітінде асық атудан сайыс өтті
Абай аудандық орталық мешітінде асық атудан сайыс өтті

Абай аудандық орталық мешітінде жас жеткіншектер арасында ұлттық ойын – асық атудан сайыс ұйымдастырылды.


Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулу, ата-баба мұрасын дәріптеу және балалардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.


Сайыс барысында қатысушылар мергендіктерін сынап, асық ойынының қыр-сырын көрсетті. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.


Ұлттық ойындарды насихаттау – жас буынның рухани тәрбиесіне оң әсер етіп, халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртуға жол ашады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz