Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жанындағы «Ханифа» қыздар даму академиясының ұйымдастыруымен «Алланы сүю» және «Алланың 99 көркем есімі» атты кітаптарды таныстыруға арналған рухани отырыс өтті.
Тағылымды кездесудің негізгі мақсаты – қатысушылардың Аллаға деген сүйіспеншілігін арттыру, иманды күшейту және көркем мінезді қалыптастыруға ықпал ету болды. Отырыс барысында «Алланы сүю» кітабының мазмұны кеңінен таныстырылып, Алланы шынайы сүйетін құлдардың ерекшеліктері, сондай-ақ Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне ие болатын ізгі амалдар жайында насихат айтылды.
Сонымен қатар «Алланың 99 көркем есімі» кітабы негізінде Алла Тағаланың көркем есімдерінің мағынасы мен рухани мәні түсіндірілді. Қатысушыларға көркем есімдерді жаттаудың, олардың мағынасын түсініп, күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығы баяндалды. Әрбір есімнің адамның жүрегіне иман ұялатып, Раббысын тереңірек тануына себеп болатыны ерекше атап өтілді.
Рухани кеш еркін пікір алмасумен жалғасып, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара жиналған қауымға рухани серпіліс сыйлап, діни білімдерін толықтыруға және Аллаға деген сүйіспеншілікті нығайтуға мол мүмкіндік берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы