Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Гүлнар Қыдырманқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына арналған ақида, фиқһ және сира пәндері бойынша тұрақты дәрістер өткізілуде.
Дәрістер барысында қатысушылар ислам ақидасының негіздері, құлшылыққа қатысты фиқһ үкімдері және Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) ғибратқа толы өмір жолы жайлы жан-жақты білім алуда. Сонымен қатар күнделікті өмірде дін қағидаларын дұрыс ұстану, көркем мінез қалыптастыру және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері кеңінен түсіндірілуде.
Мұндай тағылымды дәрістердің басты мақсаты – әйел-қыздардың діни сауатын арттырып, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, имандылық пен ізгілікке тәрбиелеу, сондай-ақ қоғамда рухани мәдениетті қалыптастыру.
Дәріс соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұстаздан тұшымды жауаптар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы