Қарағанды қалалық Ар-Рахман мешітінде «Исламдағы әділ сауда-саттық әдептері» тақырыбында рухани бейсенбілік аясында берекелі рухани дастархан ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – Ислам дінінде айрықша мән берілетін адал кәсіп жүргізу мәдениетін, әділ сауда-саттық қағидаттарын және іскерлік қарым-қатынастағы адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Кездесу барысында қатысушыларға Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінде көрініс тапқан сауда әдебі, адал табыстың берекесі, таразыдан жемеу, тұтынушының құқығын сақтау, шынайылық пен жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қоғамдағы өзара сенім мен әділеттілікті нығайтудағы адал сауданың рөлі кеңінен сөз болды.
Рухани кеш соңында жамағатқа берекелі дастархан жайылып, қатысушылар өзара пікір алмасып, көтерілген тақырып төңірегінде тағылымды ой бөлісті. Осындай мазмұнды кездесулердің қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге, ұлттық және діни тәрбиені нығайтуға қосар үлесі зор екендігі атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы