Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінің имамы Мирас Ерланұлының ұйымдастыруымен «Әжелер мектебі» жобасы аясында ақ жаулықты әжелер мен әйел-қыздар жамағатының қатысуымен алғашқы Құран хатым дұғасы жасалды.
Кездесу барысында ұстаз Бақытгүл Айтқалиқызы қоғамдағы «Әжелер мектебінің» маңызы, отбасы тәрбиесіндегі әженің орны, ұлттық салт-дәстүрді ұрпақ санасына сіңірудегі ақ жаулықты аналардың рөлі туралы тағылымды насихат айтты.
Шара аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұлттық құндылықтар мен имандылықты дәріптеу жайында ой бөлісті. Сонымен қатар жайылған дастархан басында қасиетті Құран оқылып, елдің амандығы, жұрттың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасалды.
Кездесу соңында жамағат осындай рухани басқосулардың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы