Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің молдасы Сүйіндік Асхат Төлеуқұлұлы Қарағанды қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Ислам құндылықтары және елге қызмет ету» тақырыбында уағыз-насихат айтылып, адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғаудың сауапты іс екендігі, Отанға адал қызмет етудің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жауапкершілік, ізгілік, адал еңбек, кәсіби міндетті абыроймен атқару және қоғам алдындағы жауапкершілік жайында тағылымды ойлар ортаға салынды.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, дін мен қоғам, адамгершілік құндылықтары төңірегінде пікір алмасты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы