Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде игі іс жүзеге асып, құлшылық үйіне табиғи газ құбыры тартылды.
Бұл маңызды жұмыс мешіт имамы Мирас Ерланұлының бастамасымен қолға алынып, мешіттің дін жанашырлары мен белсенді жамағатының қолдауының арқасында жүзеге асты.
Аталған жоба мешіттің материалдық-техникалық жағдайын жақсартып, алдағы уақытта құлшылық етушілер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл – жамағаттың ауызбіршілігі мен ортақ іске деген жанашырлығының жарқын көрінісі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы