Абай ауданына қарасты Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінде жамағат пен мешіт жастарына арналған рухани кездесу ұйымдастырылды.
Мешіт имамы Мурсали Қаленұлы насихат барысында жат ағымдардың қоғамға, отбасы мен ұлт бірлігіне тигізетін зияны туралы кеңінен айтып, олардың белгілері мен алдын алу жолдарын түсіндірді.
Сондай-ақ дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебінің ұстанымдарын берік сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Имам діни білімді тек сенімді ұстаздардан алып, ресми діни әдебиеттерге жүгінудің қажеттігін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өзекті діни мәселелер бойынша пікір алмасты. Шара соңында жамағат елдің тыныштығы мен бірлігін сақтауға, ұлттық және рухани құндылықтарды құрметтеуге шақырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы