Center Image
IHSAN.KZ
«Жыржыс қажы» мешітінде жат ағымның алдын алуға арналған насихат өтті
«Жыржыс қажы» мешітінде жат ағымның алдын алуға арналған насихат өтті

Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде  қазіргі қоғамда белең алып отырған жат ағымдардың зияны туралы тағылымды насихат айтылды.

Мешіт имамы Ерлан Мамайұлы уағыз барысында жат ағымдардың діни және қоғамдық қауіп-қатеріне тоқталып, олардың жастардың дүниетанымы мен отбасы құндылықтарына тигізетін кері әсерін жан-жақты түсіндірді.

Сонымен қатар дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебінің жолын берік ұстанудың маңыздылығы айтылды. Имам діни білімді тек сенімді ұстаздардан алып, ресми діни әдебиеттер мен ҚМДБ ұсынған ақпарат көздеріне жүгінуге шақырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz