Бұқар Жырау ауданына қарасты Байқадам ауылдық «Ғизат қажы» мешітінде шәкірттерге «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы аясында дәріс өтті.
Дәріс барысында қазақ даласында ислам дінінің таралу тарихы, халқымыздың дәстүрлі діни танымы, Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебінің ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар ата-бабаларымыздың ұстанған рухани мұрасы мен дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы жөнінде маңызды мәліметтер берілді.
Шәкірттерге дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстанудың, діни білімді сенімді дереккөздерден алудың және ұлттық рухани мұраны насихаттаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Дәріс соңында қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, рухани тақырыптар төңірегінде пікір алмасты. Мұндай кездесулердің жастардың діни сауатын арттырып, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттаудағы маңызы ерекше екені атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы