Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде IMAN журналы мен MUNARA газеті насихатталды
«Қазыбек би» мешітінде IMAN журналы мен MUNARA газеті насихатталды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымдары  IMAN журналы мен MUNARA газеті жамағатқа кеңінен насихатталды.

Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы аталған басылымдардың рухани-ағартушылық бағыттағы маңызына тоқталып, олардың дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттауда, діни сауатты арттыруда және қоғамдағы өзекті мәселелерге шариғат тұрғысынан жауап беруде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Сонымен қатар жамағатты ҚМДБ-ның ресми басылымдарын тұрақты оқуға шақырып, діни білімді тек сенімді әрі ресми ақпарат көздерінен алудың маңыздылығын түсіндірді. Басылымдарда жарияланатын мақалалар мен сұхбаттар, пәтуалар, тарихи-танымдық және тәрбиелік материалдардың әрбір мұсылман үшін пайдалы екеніне назар аударды.

Шара соңында жамағатқа IMAN журналы мен MUNARA газетінің жаңа сандары таныстырылып, оларды оқуға және рухани танымын арттыруға шақырылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz