Center Image
IHSAN.KZ
«Ибраһим» сүресінің 19-аятын түсіндіруге арналған уағыз өтті
«Ибраһим» сүресінің 19-аятын түсіндіруге арналған уағыз өтті

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде күн сайын тұрақты түрде өтетін бесін және ақшам намаздарынан кейінгі уағыз-насихат жалғасуда.

Бұл жолғы дәрісті мешіттің наиб имамы жүргізіп, жамағатқа «Ибраһим» сүресінің 19-аятын кеңінен түсіндірді. Уағыз барысында Алла Тағаланың шексіз құдіреті, күллі жаратылысты хикметпен жаратуы және адам баласының Жаратушыға толық тәуелді екендігі баяндалды. Сондай-ақ иманның беріктігі, Аллаға тәуекел ету және әрбір мұсылманның өз амалдарына жауапкершілікпен қарауы жөнінде насихат айтылды.

Кездесу соңында жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, рухани тақырыпта пайдалы сұхбат өрбітті. Мешіт ұжымы барша мұсылман қауымды күн сайын өтетін бесін және ақшам намаздарынан кейінгі уағыздарға қатысуға шақырады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz