Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде жамағат арасында діни сауаттылықты арттыру және жат ағымдардың алдын алу мақсатында арнайы насихат кездесуі өтті.
Кездесу барысында мешіт имамы жамағатқа дәстүрлі Ислам құндылықтарының маңызын түсіндіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанатын ханафи мәзһабы мен матуриди сенім мектебінің ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар, қоғамда кездесетін теріс діни ағымдардың белгілері, олардың адам мен отбасыға тигізетін зияны жан-жақты түсіндірілді.
Насихат барысында жамағатты діни ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алуға, күмәнді уағызшылар мен жалған діни идеологиялардың ықпалына ермеуге шақырып, бірлік пен татулықты сақтау – әрбір мұсылманның міндеті екені айтылды.
Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы