Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде отбасы құндылықтары насихатталды
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде отбасы құндылықтары насихатталды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялауына сәйкес, Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде отбасы институтының маңызын дәріптеуге бағытталған рухани-танымдық жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осы игі бастама аясында бүгін мешітімізде тағы бір жас отбасына исламдағы отбасы құндылықтары насихатталып, неке қию рәсімі өткізілді. Неке қию барысында ерлі-зайыптыларға отбасының өзара сыйластық, жауапкершілік, адалдық және имандылық қағидаттарына негізделуі жөнінде насихат айтылып, исламдағы жанұя институтының қоғам тұрақтылығындағы орны кеңінен түсіндірілді.

Алла Тағаланың қалауымен екі жасқа неке қиылып, олардың адал әрі берекелі отбасы құру жолындағы алғашқы қадамы жасалды. Бұл рәсім отбасының тек әлеуметтік институт қана емес, сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратын маңызды негіз екенін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешіті алдағы уақытта да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» жылы аясындағы бастамаларын қолдап, қоғамда берік отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған рухани-ағартушылық жұмыстарды жалғастыра береді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz