Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде ҚМДБ-ның «Дәстүр және отбасы» бағыты аясында мешіт жастарына арналған тағылымды насихат кездесуі өтті.
Іс-шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, облыс бойынша «Дәстүр және отбасы» бағытына жауапты маман Бақдәулет Қыдырбайұлы арнайы қатысып, жастармен мазмұнды сұхбат құрды.
Кездесу барысында ислам діні мен қазақ халқының салт-дәстүрінің өзара сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды сақтау, ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету, отбасының қоғамдағы орны және берекелі шаңырақ қалыптастырудың маңызы кеңінен сөз болды.
Сондай-ақ, жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтануға, діни білімді сенімді әрі ресми дереккөздерден алуға, дәстүрлі құндылықтарды берік ұстанып, елдің бірлігі мен ынтымағын нығайтуға шақырды. Отбасы тәрбиесінің тұлғаның қалыптасуындағы рөліне тоқталып, имандылық пен жауапкершіліктің әрбір жас үшін аса маңызды қасиеттер екендігін атап өтті.
Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Осындай рухани-танымдық кездесулердің жастардың діни сауатын арттырып, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеуде маңызы зор екені айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы