Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, ҚМДБ-ның «Жастар ісі» секторының қолдауымен және Қарағанды облысы бойынша жастар ісіне жауапты маман Келдібек Қуатбекұлының ұйымдастыруымен жастарға арналған рухани-танымдық кездесу өтті.
Кездесу аясында ұстаз Қаракесеков Дәулет Ерболатұлы жастармен «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы негізінде тағылымды насихат жүргізді. Дәріс барысында қазақ жеріндегі ислам өркениетінің қалыптасу тарихы, ата-баба мұрасы, дәстүрлі діни таным, ұлттық құндылықтар және дін мен дәстүрдің сабақтастығы кеңінен түсіндірілді.
Шараның басты мақсаты – жастар арасында дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу, тарихи-рухани мұраны таныту және ұлттық болмысты сақтаудың маңызын насихаттау болды. Сонымен қатар, қатысушыларды діни білімді сенімді дереккөздерден алуға, елдің бірлігі мен рухани тұтастығын нығайтуға үлес қосуға шақырды.
Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Осындай тағылымды басқосулар жас буынның рухани танымын кеңейтіп, ұлттық әрі діни құндылықтарға деген құрметін арттыруға оң ықпал ететіні атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы