Center Image
IHSAN.KZ
«Дархан дала» жобасы аясында шәкірттер табиғат аясында бас қосты
«Дархан дала» жобасы аясында шәкірттер табиғат аясында бас қосты

«Дархан дала» жобасы аясында Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің шәкірттері табиғат аясында бас қосып, рухани-танымдық әрі тәрбиелік шараға қатысты.

Игі шараны мешіт ұстазы Айбар Жанатбекұлы ұйымдастырды. Кездесу барысында жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, бауырмалдық пен бірлікті сақтау, өзара сыйластық, жауапкершілік және ұлттық-рухани құндылықтарды дәріптеу жөнінде тағылымды насихат айтылды.

Сонымен қатар, табиғат аясында түрлі танымдық және спорттық ойындар ұйымдастырылып, шәкірттердің ұйымшылдығы мен достық қарым-қатынасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Мұндай басқосулар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуына және рухани тәрбиесінің қалыптасуына оң әсер етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz