Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде жат ағымның зияны түсіндірілді
«Төлеутай ата» мешітінде жат ағымның зияны түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағат арасында жат ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Насихат кездесуін мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай өткізіп, қазіргі қоғамдағы теріс діни ағымдардың белгілері, олардың қоғам мен отбасыға тигізетін кері әсері және одан сақтанудың жолдары жөнінде кеңінен баяндады.

Кездесу барысында дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңызы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебінің ерекшеліктері түсіндірілді. Сондай-ақ жамағатқа діни білімді тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттігі айтылып, түрлі күмәнді ақпараттар мен радикалды идеологиялардың жетегіне ермеуге шақырды.

Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Осындай түсіндіру кездесулері қоғамның рухани тұтастығын сақтауға және діни сауаттылықты арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі екені атап өтілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz