Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жамағатқа «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтылды.
Уағыз барысында дәстүрлі Ислам құндылықтарын берік ұстанудың маңызы, ата-бабамыздан жалғасқан діни жолдың ерекшелігі және қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудағы рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жат ағымдардың белгілері, олардың қоғам мен отбасыға тигізетін кері әсері жайында насихат жүргізіліп, жамағатты күмәнді ақпарат көздерінен сақ болуға шақырды.
Кездесу соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Мұндай рухани кездесулердің басты мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды дәріптеу және қоғамның бірлігі мен татулығын нығайту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы