Center Image
IHSAN.KZ
«Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы таныстырылды
«Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы таныстырылды

Қарағанды қалалық «Төле би» мешітінде «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы аясында тағылымды насихат ұйымдастырылды.

Кездесу барысында кітапта қамтылған қазақ жеріндегі ислам дінінің тарихы, ұлттық салт-дәстүр мен діннің өзара сабақтастығы, сондай-ақ бабаларымыз ұстанған рухани құндылықтар кеңінен насихатталды.

Жиында жамағатқа ата-баба мұрасын құрметтеу, дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу және рухани тәрбиенің қоғамдағы маңызы жайында тағылымды ойлар айтылды. Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Шара соңында жамағат кітаптың мазмұнына жоғары баға беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz