Қарағанды облысы, Нұра аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Тайқазан» қайырымдылық жобасы аясында игі шара өтті.
Аудандық мешіттің бас имамы Ерлан Серікұлының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттағы 20 отбасыға азық-түлік пен ет таратылды.
Шараның негізгі мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық мәдениетін насихаттау, ізгілік құндылықтарын дәріптеу.
Қайырымдылық көмегіне ие болған отбасылар ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдіріп, игі іске атсалысқан барша жандарға алғыстарын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы