Осакаровка ауданына қарасты Молодежный кенті мешітінде жамағатқа арналған «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы аясында тағылымды дәріс ұйымдастырылды.
Дәрісті мешіт имамы Рүстем Мұратұлы жүргізіп, «Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» тақырыбы аясында халқымыздың дәстүрлі діни ұстанымы, исламның қазақ жеріндегі тарихы, ұлттық салт-дәстүр мен діннің сабақтастығы туралы кеңінен насихат айтты.
Кездесу барысында ата-бабаларымыз ұстанған рухани құндылықтардың маңызы, дәстүрлі исламды дәріптеу және діни сауаттылықты арттыру мәселелері сөз болды. Сондай-ақ жамағат көкейлеріндегі сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы