Осакаровка ауданына қарасты Молодежный кенті мешітінде жамағатқа жат ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуді мешіт имамы Рүстем Мұратұлы жүргізіп, деструктивті діни ағымдардың қоғам мен отбасыға тигізетін зияны, олардың белгілері және дәстүрлі ислам құндылықтарының маңызы туралы кеңінен насихат айтты.
Дәріс барысында діни білімді тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттігі, ата-баба жолына негізделген дәстүрлі діни ұстанымды сақтау және жастарды теріс діни идеологиялардың ықпалынан қорғау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы