Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жамағатқа арналған кезекті рухани дәріс ұйымдастырылды. Басқосу барысында мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы негізінде тағылымды насихат айтты.
Дәріс барысында қазақ жеріндегі исламның даму тарихы, халқымыздың дәстүрлі діни ұстанымы, ата-бабаларымыздың рухани мұрасы және ислам құндылықтарының қоғамдағы орны кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ дәстүрлі діни танымды сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жат ағымдардың алдын алудың маңыздылығы жөнінде сөз қозғалды.
Жамағат дәрістен мол рухани әсер алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы