Center Image
IHSAN.KZ
№31 түзету мекемесіне діни кітаптар сыйға тартылды
№31 түзету мекемесіне діни кітаптар сыйға тартылды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен жат діни ағымдардың алдын алу бағыты аясында Шахтинск қаласына қарасты Долинка кентіндегі №31 түзету мекемесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басып шығарған діни әдебиеттер табысталды.

Кітаптар сотталған азаматтардың діни сауатын арттыруға, дәстүрлі ислам құндылықтарын дұрыс түсінуіне және радикалды идеологияның алдын алуға бағытталған. Ұйымдастырушылар мұндай рухани-ағартушылық жұмыстардың қоғамда діни тұрақтылықты нығайтуға және адасқан көзқарастардың алдын алуға оң ықпал ететінін атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz