Абай ауданына қарасты Топар кенті мешітінің жанынан жамағат игілігіне арналған асхананың құрылыс жұмыстары басталды.
Игі бастама мешіт имамы Мұрсали Қаленұлының ұйымдастыруымен және дін жанашырларының қолдауымен жүзеге асуда.
Қазіргі таңда құрылысқа қажетті материалдар жеткізіліп, дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта асхана мешіттің діни-рухани және әлеуметтік шараларын өткізуге, сондай-ақ түрлі қайырымдылық дастархандары мен жамағатқа қызмет көрсету ісіне пайдаланылатын болады.
Ұйымдастырушылар игі іске қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғыстарын білдіріп, сауапты іске үлес қосуға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы