Center Image
IHSAN.KZ
«Ғыйзат қажы» мешітінде «Дін мен дәстүр» кітабы мен «Иман» журналы таныстырылды
«Ғыйзат қажы» мешітінде «Дін мен дәстүр» кітабы мен «Иман» журналы таныстырылды

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылындағы «Ғыйзат қажы» мешітінде жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабы мен «Иман» журналының жаңа басылымдары таныстырылды.

Таныстырылым барысында аталған басылымдардың мазмұнына кеңінен тоқталып, олардың дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттаудағы, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеудегі және діни сауаттылықты арттырудағы маңызы түсіндірілді.

Жамағатқа кітап пен журналда қамтылған тақырыптар таныстырылып, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ата-баба мұрасын құрметтеу және қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту мәселелері сөз болды.

Шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Жамағат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарып отырған мұндай танымдық еңбектердің рухани білімді арттырудағы маңызын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz