Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданында «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы аясында екі бұлақ абаттандырылды
Абай ауданында «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы аясында екі бұлақ абаттандырылды

Абай ауданында «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы аясында Топар кенті мен Жартас ауылында орналасқан екі табиғи бұлақ абаттандырылып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

Игі бастама барысында бұлақ көздері толықтай тазартылып, табиғи су шығатын орындар таспен бекітілді. Сонымен қатар, бұлақтарға апаратын ыңғайлы жолдар салынып, келушілердің тынығуына арналған беседкалар мен шағын сәулет нысандары орнатылды. Аумаққа автотұрақтар салынып, айналасы көгалдандырылып, көркейту жұмыстары жүргізілді.

Мамандардың айтуынша, екі бұлақтың да суы зертханалық сараптамадан өткізіліп, оның сапасы талапқа сай екені расталған.

Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар арқылы табиғаттың баға жетпес байлығын сақтап, оны келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz