Абай аудандық мешітінде жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы негізінде тағылымды дәріс ұйымдастырылды.
Дәріс барысында қазақ даласында қалыптасқан мұсылмандық мектептің тарихы, халқымыздың дәстүрлі діни ұстанымы, ислам мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ата-бабаларымыздың діни танымы мен рухани мұрасы жайында мағлұмат беріліп, дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтау мен насихаттаудың маңыздылығы айтылды.
Шара соңында жамағат көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Ұйымдастырушылар мұндай рухани дәрістер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы