Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы аясында дәстүрлі діни танымдық және тарихи негіздерді насихаттауға арналған рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қазақ даласындағы мұсылмандық мектептің қалыптасу тарихы, халқымыздың дәстүрлі діни ұстанымы, ата-бабаларымыздың ислам өркениетіндегі орны мен рухани мұрасы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, кітапта қамтылған тарихи деректер негізінде дәстүрлі ислам құндылықтарының қоғамдағы маңызы мен бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шараға қатысушылар рухани сұхбатқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды. Басқосу жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, дәстүрлі діни танымды нығайтуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Кездесу соңында жамағатқа дастархан жайылып, елдің амандығы, жұрттың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасалды.
Алла Тағала халқымыздың дәстүрлі рухани мұрасын құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу жолындағы игі істерімізге береке нәсіп етіп, баршамызды тура жолынан айырмасын!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы