Center Image
IHSAN.KZ
«Бабалар ізімен» кітабы – ұлттық руханияттың темірқазығы
«Бабалар ізімен» кітабы – ұлттық руханияттың темірқазығы

Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы аясында танымдық дәріс өтті.

Дәрісті мешіт имамы Митератбек Орынбекұлы жүргізіп, жамағатқа қазақ жеріндегі ислам дінінің тарихы, халқымыздың діни танымы мен рухани мұрасы туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар кітапта қамтылған тарихи деректерге тоқталып, ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі ислам жолының маңызын атап өтті.

Дәріс барысында ұлттық құндылықтарды сақтау, дін мен дәстүрдің сабақтастығын дәріптеу және жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру мәселелері де сөз болды. Жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, мазмұнды кездесу өзара пікір алмасумен қорытындыланды.

Осындай тағылымды басқосулар жамағаттың діни сауатын арттырып, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік береді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz