Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» жобасы аясында Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты тарихи-рухани маңызы зор Жәңгір Төре кесенесіне зиярат сапарын жасады.
Сапар барысында қатысушылар кесененің тарихымен танысып, Жәңгір Төренің ел тарихындағы орны, халқына сіңірген еңбегі мен өнегелі өмір жолы туралы тағылымды мәліметтер алды. Сонымен қатар баба рухына қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, дұға бағышталды.
Рухани сапардың негізгі мақсаты – халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың тарихи санасын қалыптастыру және дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту болып табылады.
Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы қатысушылар туған жердің тарихын тереңірек танып, рухани құндылықтарға деген құрметін арттырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы