Center Image
IHSAN.KZ
«Дін және дәстүр» тақырыбында радиоэфир өтті
«Дін және дәстүр» тақырыбында радиоэфир өтті

Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінің имамы Азамат Сайлауұлы «Жаңа FM» радиосының эфиріне қатысып, «Дін және дәстүр» тақырыбында насихат айтты.

Эфир барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан діни-рухани құндылықтары, дәстүрлі исламның ерекшеліктері және дін мен салт-дәстүрдің өзара сабақтастығы жан-жақты сөз болды. Сондай-ақ ұлттық тәрбиенің маңызы, отбасы құндылықтарын сақтау, жастардың діни сауатын арттыру және қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайту мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Имам халқымыздың ата-бабадан мирас болған ізгі дәстүрлерін дәріптеп, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар тыңдармандарды бірлікке, татулыққа, имандылыққа және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге шақырды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz