Center Image
IHSAN.KZ
«Тәлімгер тағылымы» кітабы бойынша интеллектуалды сайыс өтті
«Тәлімгер тағылымы» кітабы бойынша интеллектуалды сайыс өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында Бурһануддин әз-Зарнужидің «Тәлімгер тағылымы» кітабы негізінде интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – шәкірттердің білімге деген ынтасын арттыру, ұстазға құрмет көрсету, білім алудың әдебі мен жауапкершілігін насихаттау, сондай-ақ кітапта қамтылған тағылымды ойларды өмірде қолдануға баулу болды.

Сайыс барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша өзара бақ сынап, кітап мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар берілген жағдаяттарды талдап, өз пікірлерін дәлелді түрде жеткізіп, білімдері мен ой-өрістерін көрсетті. Шәкірттер білімнің қадірі, дұрыс ниет, уақытты тиімді пайдалану, ізгі жолдас таңдаудың маңыздылығы және ілім алудағы әдептер жөніндегі тұжырымдарын ортаға салды.

Танымдық сайыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың тыңғылықты дайындығы мен білімге деген құштарлығы айқын көрінді. Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды.

Осындай тағылымды іс-шаралар шәкірттердің білімге деген қызығушылығын арттырып, рухани кемелденуіне және ислам әдебін терең меңгеруіне зор ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz