Center Image
IHSAN.KZ
Ростовка ауылындағы «Балкен ана» мешіті жаңартылды
Ростовка ауылындағы «Балкен ана» мешіті жаңартылды

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Ростовка ауылындағы «Балкен ана» мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталып, құлшылық үйі жаңарған келбетке ие болды.

Жөндеу жұмыстары ауыл тұрғындарының қолдауы мен қайырымды жандардың демеушілігі арқасында жүзеге асты. Жаңарту барысында мешіттің ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қабырғалары сырланып, едендері жаңартылды. Сонымен қатар, ғимараттың сыртқы келбеті ретке келтіріліп, ауласы абаттандырылып, жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы жағдай жасалды.

Мешіт – халықты имандылыққа, бірлік пен ізгілікке үндейтін қасиетті орын. Сондықтан Алла үйін көркейту мен күтіп ұстау – сауапты әрі игілікті іс. Жаңартылған мешіт енді ауыл тұрғындарына құлшылық жасап, діни білім алып, рухани басқосулар өткізуге бұрынғыдан да жайлы мүмкіндік ұсынады.

Мешіт ұжымы осы игі іске үлес қосқан барлық демеушілерге, ауыл тұрғындарына және жөндеу жұмыстарына еңбек сіңірген азаматтарға шынайы ризашылығын білдіріп, Алла Тағаладан олардың жасаған жақсылықтарын қабыл етіп, еселеп қайтаруын тілейді.

Жаңарған «Балкен ана» мешіті алдағы уақытта да ауыл халқының рухани орталығы болып, ел бірлігі мен берекесінің нығаюына қызмет ете бермек.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz