Center Image
IHSAN.KZ
Ағадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде әйелдер арасында діни интеллектуалды сайыс өтті
Ағадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде әйелдер арасында діни интеллектуалды сайыс өтті

Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде әйелдер жамағатына арналған діни интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – жамағаттың діни білімін жетілдіріп, ислам негіздерін тереңірек меңгеруге ынталандыру, сондай-ақ білім арқылы өзара ынтымақ пен бірлікті нығайту.

Сайыс барысында қатысушыларға ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны, сира ілімі және фиқһ пәні бойынша түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылды. Әйелдер жамағаты екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларға белсенді түрде жауап беріп, өздерінің діни сауаттарын көрсетті.

Интеллектуалды сайыс тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылардың білімге деген құлшынысын арттырды. Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, осындай тағылымды кездесулердің алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz