Center Image
IHSAN.KZ
«Дархан Дала» аясында Бұқар жырау баба рухына тағзым жасалды
«Дархан Дала» аясында Бұқар жырау баба рухына тағзым жасалды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұжымы «Дархан Дала» бағыты аясында қазақтың көрнекті жырауы, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының кесенесіне зиярат жасап, баба рухына Құран бағыштады.

Іс-шара барысында мешіт ұжымы Бұқар жырау бабамыздың өмірі мен шығармашылығына арналған мұражайды аралап, тарихи жәдігерлермен және құнды деректермен танысты. Бұл тағылымды сапар қатысушылардың ұлттық тарих пен рухани мұраға деген құрметін арттыруға бағытталды.

Сондай-ақ, Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті атынан мұражай қорына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасынан жарық көрген діни кітаптар, «Иман» журналы мен «Мұнара» газеті тарту етілді.

Шара соңында мешіт ұжымы мұражайдың естелік кітабына ізгі тілектерін жазып, ұлттық руханиятты насихаттау жолындағы еңбектеріне алғыс білдіріп, игі бастамаларға береке тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz