Center Image
IHSAN.KZ
Саран мешітінде жат ағым зардабы түсіндірілді
Саран мешітінде жат ағым зардабы түсіндірілді
 Саран қалалық мешітінде жамағатқа арналған «Жат ағымдардың зияны және олардың қоғамға тигізетін теріс ықпалы» тақырыбында насихат айтылды.

Кездесу барысында ислам дінінің негізгі ұстанымдары – бірлік, бейбітшілік, мейірімділік және сабырлылық екені кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ дәстүрлі дін мен жат ағымдардың арасындағы айырмашылықтар айтылып, радикалды идеологиялардың қоғам тұрақтылығына, отбасы құндылықтарына және жастар тәрбиесіне кері әсері жөнінде жан-жақты мәлімет берілді.

Насихат барысында жат ағым өкілдерінің дінді бұрмалап түсіндіру арқылы адамдарды өз қатарына тартуға тырысатыны, мұндай әрекеттердің қоғам арасында алауыздық туғызып, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарға қауіп төндіретіні атап өтілді. Қатысушыларға діни ақпаратты тек сенімді әрі ресми дереккөздерден алу, күмәнді уағызшылар мен интернеттегі белгісіз ақпараттарға сын көзбен қарау қажеттігі ескертілді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz