Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы аясында тағылымды насихат айтылды.
Кездесу барысында қазақ даласына ислам дінінің келуі мен қалыптасу тарихы, халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі діни танымы және мұсылмандық мектептің ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, ата-бабаларымыздың асыл мұрасы, ұлттық құндылықтар мен дін және дәстүр сабақтастығы жайында мазмұнды ойлар ортаға салынды.
Насихат барысында дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттаудың, жастардың діни сауатын арттырудың және ұлттық болмысты сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Жамағатқа аталған кітаптың мазмұны таныстырылып, онда қамтылған тарихи деректер мен тағылымды мәліметтердің бүгінгі қоғам үшін өзектілігі түсіндірілді.
Шара соңында жиналған жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Осындай тағылымды кездесулердің ел бірлігін нығайтып, дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен дәріптеуге ықпал ететіні айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы