Center Image
IHSAN.KZ
Құлайғыр ауылдық мешітінде «Қажылыққа дайындық» тақырыбында ашық семинар өтті
Құлайғыр ауылдық мешітінде «Қажылыққа дайындық» тақырыбында ашық семинар өтті

Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Құлайғыр ауылдық мешітінде әйел жамағатына арналған «Қажылыққа дайындық» тақырыбында ашық семинар ұйымдастырылды. Тағылымды шараны аудан ұстазы Көкебай Нұриза жүргізді.

Семинар барысында қасиетті қажылық құлшылығының рухани мәні мен маңызы жан-жақты түсіндіріліп, оған дайындықтың негізгі қағидалары кеңінен айтылды. Қатысушыларға қажылық сапарына шығар алдындағы рухани және практикалық әзірлік, ихрамға қатысты үкімдер, қажылық рәсімдерінің орындалу тәртібі, сапар кезінде сақталатын әдептер мен жиі кездесетін мәселелер жөнінде жан-жақты мәлімет берілді.

Сонымен қатар, қажылықтың мұсылман өміріндегі орны, сабыр мен тақуалықтың маңыздылығы, шынайы ықылас пен көркем мінездің қасиетті сапардағы рөлі туралы насихат айтылды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Шара соңында жамағат ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай тағылымды кездесулердің діни сауатты арттырып, құлшылыққа деген жауапкершілікті күшейтуге үлкен үлес қосатынын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz