Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Құран әліппесі» курсы өтіп жатыр.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Құран әліппесі» курсы өтіп жатыр.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жамағаттың діни сауатын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Құран әліппесі» курсы өз жалғасын табуда.

Аталған курсқа қатысушылар қасиетті Құран Кәрімді дұрыс әрі сауатты оқудың алғашқы негіздерін меңгеріп, араб әліпбиін, әріптердің дұрыс дыбысталуын және тәжуид ережелерін үйренуде. Сабақтар тәжірибелі ұстаздың жетекшілігімен жүйелі түрде өткізіліп, әрбір шәкірттің білім деңгейіне қарай жеке көңіл бөлінеді.

Курс барысында қатысушылар Құран оқуды үйренумен қатар, ислам әдебі мен рухани тәрбиені де қатар меңгеріп, имандылықтарын нығайтуға мүмкіндік алуда.

Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті алдағы уақытта да жамағатқа арналған осындай рухани-танымдық сабақтарды тұрақты түрде ұйымдастырып, халықтың діни білімін арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz