Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жастарға тарихи деректі фильм көрсетілді
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жастарға тарихи деректі фильм көрсетілді
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен жастарға арналған тағылымды кездесу өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға «Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы негізінде түсірілген тарихи деректі фильм көрсетілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың ұлттық және рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, қазақ жеріндегі ислам дінінің тарихы мен дәстүрлі діни мектептердің қалыптасуы туралы танымдарын кеңейту.

Фильмде қазақ даласында ислам дінінің таралуы, діни ағартушылықтың дамуы, медреселердің қызметі және халқымыздың рухани мұрасы кеңінен баяндалды. Көрсетілім соңында жастар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

Осындай тағылымды кездесулер жастардың тарихи санасын қалыптастырып, дәстүрлі ислам құндылықтарын тереңірек түсінуіне және ұлттық руханиятты дәріптеуіне оң ықпал етеді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz