Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен балаларға арналған танымдық әрі көңілді демалыс шарасы өтті. Осы мақсатта бүлдіршіндер «Leo Park» ойын-сауық орталығына барып, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді.
Іс-шара барысында мешіт қызметкерлері балаларға түрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, олардың белсенді қатысуына мүмкіндік жасады. Балалар ойын алаңдарында еркін ойнап, достарымен бірге шат-шадыман сәттерді бөлісті.
Сонымен қатар, қатысушыларға ыстық тағамдар ұсынылып, дастархан жайылды. Мұндай игі шаралардың басты мақсаты – жас буынның бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуіне жағдай жасап, олардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайту және қуаныш сыйлау.
Алла Тағала балаларымыздың жүзінен күлкі кетірмей, әрдайым амандық пен береке нәсіп етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы