Center Image
IHSAN.KZ
«Міржақып Дулатұлы» мешітінде ізгі қоғам және отбасы тақырыбында дәріс өтті
«Міржақып Дулатұлы» мешітінде ізгі қоғам және отбасы тақырыбында дәріс өтті

Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінде ақшам мен құптан намазының аралығында жамағатқа «Ізгі қоғам және отбасы» тақырыбында тағылымды дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті мешіт имамы Мирас Ерланұлы жүргізіп, Ислам дініндегі отбасының орны, ерлі-зайыптылардың өзара жауапкершілігі, бала тәрбиесі және қоғамның берекелі болуының негізі – тәрбиелі отбасы екендігі жөнінде жан-жақты насихат айтты.

Сонымен қатар, дәріс барысында мұсылманның көркем мінезі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, туыстық байланысты нығайту және қоғамдағы татулық пен бірлікті сақтау мәселелері кеңінен сөз болды. Имам жамағатты отбасы құндылықтарын қадірлеуге, өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыруға шақырды.

Шара соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Мұндай рухани кездесулердің отбасы институтын нығайтып, ізгі қоғам қалыптастырудағы маңызы ерекше екені атап өтілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz