Center Image
IHSAN.KZ
Ақтоғай аудандық мешітінде жаңа ұстаз әйелдер жамағатымен танысты
Ақтоғай аудандық мешітінде жаңа ұстаз әйелдер жамағатымен танысты

Ақтоғай аудандық мешітіне жаңадан қызметке тағайындалған ұстаз Сәкен Еркеназ Шалқарқызы әйелдер жамағатымен арнайы танысу кездесуін өткізді.

Шара қазақы нақышта тігілген киіз үйде ұйымдастырылып, ақ дастархан жайылды. Кездесу барысында жиналған жамағат өзара танысып, жаңа ұстазға ізгі тілектерін білдірді.

Ұстаз Сәкен Еркеназ Шалқарқызы бірлік пен бауырмалдықтың қоғамдағы және отбасы өміріндегі маңызы жөнінде тағылымды насихат айтып, мұсылман әйелдерінің білім алуға, көркем мінезді болуға және ауызбіршілікті нығайтуға мән беруі керектігін атап өтті.

Шара соңында қасиетті Құран Кәрім оқылып, еліміздің амандығы, жұрттың тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасалды. Кездесу жылы әрі рухани тағылымға толы атмосферада өтіп, әйелдер жамағаты жаңа ұстазға алдағы қызметіне сәттілік тілеп, игі бастамаларына қолдау білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz