Ақтоғай аудандық мешітінің ұстазы Сәкен Еркеназ Шалқарқызы әйелдер жамағатына «Жат ағымдардың қоғамға және отбасыға тигізер зардабы» тақырыбында насихат айтты.
Кездесу барысында ұстаз дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, жат діни ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері жайында кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, діни ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымын басшылыққа алудың маңызы ерекше екені айтылды.
Шара барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, діни сауаттылықты арттыру арқылы түрлі теріс идеологиялардың алдын алуға болатыны жеткізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы